Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 3-15-3/2530-И хатына, Астана қаласы Білім басқармасының 2018 жылдың 24 шілдедегі №415 Бұйрығына сәйкес, «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы 2018 жылдың 1тамыз -30 қыркүйек аралығында өткізілуде.
«Балаларға мейірім сыйла!» қайырымдылық акциясынан тыс қалмаңыздар! Қай қоғамда болмасын қайырымдылыққа мұқтаж жандардың болатыны заңдылық. Сіздердің көмектеріңізді қажет ететін мұқтаж отбасы балаларының бар екенін ұмытпайық, аз да болса қолдау көрсетейік!
Біз Сіздердің акцияны қолдайтындарыңызға сенеміз.