Мәңгілік үнің кетпестей сыңғырла, соңғы қоңырау!
Астана қаласы #74 мектеп-гимназиясында 25 мамыр күні "Мәңгілік үнің кетпестей сыңғырла, соңғы қоңырау!" атты Соңғы қоңырау салтанаты болып өтті. Биыл біздің мектебімізді 11 "а" "Астана ұландары" кадет сыныбы және 11 "ә"сынып оқушылары оқу жылын аяқтап отыр. Соңғы қоңырау салтанатында мектеп директоры Жеңіскүл Темірханқызы мектебіміздің 1 жылғы жетістіктеріне тоқталып өтіп, ата-аналарды құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге Ақ жол тіледі. Сондай-ақ, салтанатты жиынға келген Алматы ауданы әкімінің орынбасары Тілеуов Талғат Манапович, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті басқарма басшысы Мылтықбаева Лаура Рымбековна, Жастар маслихатының депутаты, "Нұр Отан" партия белсендісі Султангазина Айгерім Қабдрахмановна,. Астана қаласы Білім басқармасының Қамқорлық-қорғаншылық және балаларды қорғау бөлімінің бас маманы Билялова Айдын Саруаровна да мектеп түлектерін құттықтап ақ тілектерін білдірді.
Биылғы түлектердің арасында 3 оқушы "Алтын белгіге" , 5 оқушы "Үздік куәлікке" үміткер.
Ақ жол, түлектер! Енді алдыдағы ҰБТ-ны аман-есен тапсырып, бір мамандық иесі болуларыңа тілектеспіз!!!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии