Астана қаласы №74 мектеп-гимназиясында "Білімді ұлт-білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы" атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы болып өтті. Мектеп директоры Жеңіскүл Темірханқызы ата-аналарды Халықаралық отбасы күнімен құттықтай келе, күн тәртібімен таныстырды. Жиналыста Қамқоршылық кеңес төрағасы Қонысбаев Жандос Абумуталифұлы ата-аналармен жыл бойы жүргізілген жұмыстарға тоқталып өтті. Сондай-ақ, "Жыл табысы" мектептің білім беру және тәрбие жүйесінің жетістіктері, Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүргізілген іс-шаралар, 11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау, оқу процесін цифрландыру тақырыптары кеңінен айтылып, ата-аналар көптеген ақпараттар алды.