Қазақстан мектептерінде балаларды ҰБТ-ға дайындау алынып тасталады
Қазақстан мектептерінде балаларды ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындау алынып тасталады, деп мәлім етті ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. "Бізге педагогтар мен ата-аналардың тарапынан жыл бойы ұсыныстар түсіп жатады. Оның ішінде ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеу бірдей функцияны атқарған соң, осы екі тестілеуді бірге өткізуге қатысты ұсыныс бар. Мектеп балаларын ҰБТ-ға емес, мектеп бағдарламаларын игеруге көмектесу. Сондықтан мектептерде сынама тесттерін өткізу алынып тасталады және мемлекеттік білім гранттарын оқу тіліне — қазақ немесе орыс тілдеріне бөлмей тағайындау қаралады", — деп мәлімдеді Е. Сағадиев сейсенбідегі үкімет отырысында.