Мүмкіндігі шектеулі балалар баршаға арналған мектепте оқуы тиіс. Бұл туралы ресейлік доцент, психология ғылымдарының докторы Альбина Нестерова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бүгін елімізде республикалық тамыз конференциясы басталды. Секция отырысында инклюзивті білім беру мəселесі талқыланды.
"Қазіргі таңда бүкіл əлем аутистік спектр бұзылысы бар балалар инклюзивті жағдайда білім алу керектігін түсінді. Бұл балалар кейін баршаға арналған мектепте де оқу тиіс. Себебі, олар үшін негізгі əлеуметтану институттары отбасы жəне құрдастары болуы керек. Ал құрдастарын тек мектептен таба алады. Қазіргі таңда сондай ерекше балалардың ата-анасы мен туыстарын тəрбиелеу маңызды. Жəне де аутизм сияқты ауыр дертке шалдыққан балалармен жұмыс істейтін педагогтарды дайындау аса өзекті. Біз Отбасылық тəрбиелеу институтының көптеген мектеп психологтарына курс өткізіп, оқытуы жақсы бастама деп ойлаймыз. Бұл психологтардың аутистік спектр бұзылысы бар балаларды одан əрі оқыту үшін, олардың тірегі мен қолдаушысы болуы үшін қажет", - деді Альбина Нестерова.
Ғалымның айтуынша, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы инклюзивті білім беру саласында əріптестігін одан əрі дамытып келеді.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.