Бүгін еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, салтанатты жиындар өтті. Бұл күн – білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алатын күн. Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінде де сыңғырлаған күміс қоңыраудың үні естіліп, білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Мектебімізге биылғы оқу жылында 1- сыныпқа 500-ден аса оқушы қабылданды. Білім күнімен бүлдіршіндерімізді және ата – аналарымызды мектеп директоры А.А. Жұмабекова және мұғалімдер ұжымы ыстық лебіздерімен құттықтады.
Сонымен қатар барлық сыныптарды салтанатты іс – шаралармен қатар «Мен өз елімнің патриотымын!» атты тақырыбында сынып сағаты өтті.