Мектебімізде 1 - қыркүйек күні "Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!" атты салтанатты жиын өтті. Жиынның құрметті қонақтары: Турсунбаев Н. Ж. - Жамбыл селолық округінің әкімі, ардагер ұстаз -Близнецов В. К., Жанмуханова Ж.А., Алишева Р.Е., Ильясова М.И. Биылғы 2018-2019 оқу жылында ұжымымызға жас маман Мешелева Г.К. ағылшын тілі пәнінің мұғалімі бойынша қосылды. Бірінші сыныпқа 3 бүлдіршін қабылданды. Мектеп директоры Кенжегузина С.С., Жамбыл селолық округінің әкімі Турсунбаев Н.Ж. бүлдіршіндерге ақ тілектерін жолдап, бірінші кітаптары "әліппені" сыйлады.