Білім күніне орай «Елордаға – 20 жыл» атты салтанатты жиын және білім күніне арналған тақырыптық сынып сағаттары өтті Армысың білім нәрімен сусындатқан алтын ұя мектебім!
Білім күні - жас жүректердің дүрсілі. Мұқағалиша айтсақ, тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын аяулы мектеп қабырғасынан аңғал бала білімді бозбалаға, кішкентай қыз білікті бойжеткенге айналып шығады.
2018 жылғы 1 қыркүйек күні қасиетті білім ордасына бас қосатын алғашқы қоңырау ІІ ауысымда салтанатты жиыны өтті. Жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының енгізілуімен, әнұранды шырқаумен салтанатты түрде ашылды. Салтанатты жиынды мектеп директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты С.Нугуманова құттықтау сөзімен ашты. Жиынға Астана қалалық мәслихатының депутаты Алтыншаш Жұмашевна және Астана қалалық білім басқармасының кадр бөлімінің қызметкері Манат Кеңесқызы қатысты.
Қонақтар барша қауымды білім күнімен құттықтап, жас ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие беріп, білім көшін бастап келе жатқан ұлағатты ұстаздарымыздың ерең еңбектерін жоғары деңгейде бағалап, мектеп табалдырығын алғаш аттағылы отырған бүлдіршіндеріміздің қадамына сәттілік тіледі.
Барша оқушылар өздерінің қуанышты жүзімен, мектепке, достармен, сыныпқа және ұстаздарымен білім алуға деген сағыныштарын жасыра алмауда. 2018-2019 оқу жылының алғашқы сабақтары «Елордаға – 20 жыл» атты білім сабағымен жалғасын тапты.