Меню KDT

Новости

Главная Новости

Астана қаласының 20 жылдығына, Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай өткізілген алғашқы қоңырау салтанатты жиыны туралы ақпарат

2018 – 2019  оқу жылы 1 қыркүйек – Білім күніне орай Астана қаласының 20 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституция күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиыны болып өтті.     

Білім күнінің мақсаты – Мәңгілік Ел ұлттық идеясы контексінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын білім беру процесіне енгізу, Астана қаласының 20 жылдығын атап өту, жеткен жетістіктерді болашақ ұрпаққа насихаттау, жеткізу, түсіндіру. 

  Білім күнінің идеологиялық және тәрбиелік мақсаты – қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту, Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерін насихаттау,  жылдары, басты құндылықтар – тәуелсіздік, бейбітшілік және келісімді нығайту. 

Мемлекеттік рәміздерді, өз елінің дәстүрлерін, тарихын, мәдениетін, ҚР Конституциясын  мақтаныш ету және құрметпен қарау сезімін жандандыру.

Білім күнінің дамытушы және білім беру мақсаты – балалардың өз Отанының тағдыры үшін жауапты азамат екенін түсінуіне ықпал ету. Қазақстан Республикасы Конституциясы, Астана қаласының құрылу тарихын түсіндіру.

Салтанатты жиынға мектеп директоры Чижевская Л. В., мектеп әкімшілігі, ұстаздар және мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1 сынып оқушылары, Астана қаласы Білім жаңғырту орталығының әдіскері Байтасов Дидар салтанатты жиынға қонақ ретінде қатысты. Сонымен бірге 1 – 11 сынып оқушылары, ата – аналары қатысты. Мектеп директоры сөз сөйлеп, оқушыларымызға, ұжымға жаңа оқу жылында жетістіктер, табыстар тіледі.

Биылғы оқу жылы мектеп табалдырығын 129 бүлдіршін аттады.

1 «А» сыныбы, Махамбетова Қарлығаш Тәңірбайқызы

1 «Б» класс, Гусева Евгения Анатольевна

1 «В» класс, Хуснутдинова Наталья Владимировна

1 «Г» класс,  Турарова Гульнар Галимовна

 

Алғашқы қоңырау жиынынан кейін барлық сыныптарда «Астана – Ұла Дала Елордасы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

 

























Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено