Биылғы 2018-2019 оқу жылының 5-ші қыркүйегінде Астана қаласы Ішкі істер министрлігінің Ішкі істер басқармасының инспекторы полиция майоры Валеева А.Т. мен №59 мектеп-лицей инспекторы, полиция лейтенанты Нурмаганбетова Д.Ж.«Назар аударыңыз, балалар!» ПКО шеңберінде «1 В» сынып оқушыларымен жол қозғалысы ережелері бойынша практикалық сабақ өткізілді. Полиция қызметкерлерінің басшылығымен бірінші сынып оқушылары жолды қалай дұрыс жолмен өту керектігін үйренді. Сабақтың соңында оқушылар сыйлыққа сүмкелер мен білезіктер алды.