Меню KDT

Новости

Главная Новости

Жаңа оқу жылы алдыңда 1 сынып оқушылары ата-аналарымен кеңейтілген мәжіліс өтті

     Үстіміздегі жылдың тамыз айының 28 жұлдызында «Мектеп, ата-ана, оқушы арасындағы байланыс» тақырыбында 1 сынып ата-аналарымен кеңейтілген мәжіліс өтті. Мәжілісті №58 мектеп гимназия директоры Нугуманова Самал Ботақанқызы ашып жүргізіп отырды.Өз сөзінде мектеп - гимназия директоры бірінші кезекте мектептің ішкі тәртібі мен сабақ уақыттарын ата-аналарға егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Сонымен қатар, мектеп оқушылары үшін әр бағытта жұмыс жасайтын үйірмелерге түсіндірме жасап өтті. Мәжіліс барысында ата-аналардың өтініш тілектері тыңдалып, сұрақтарына жауаптар берілді. Жиын соңыңда №58 мектеп-гимназия директоры Самал Ботақанқызы ата-аналарға алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндердің қадамы оң болсын деген тілегін жеткізіп, жиынды қорытындылады.

 




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено