Табысты болудың ең іргелі басты факторы білім. Басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы қажет. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» - деп елбасымыз айтқандай «Мен өз елімнің патриотымын» атты Білім күніне арналған салтанатты жиын 1 қыркүйек күні Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында үлкен іс-шара ретінде аталып өтті. Қазақстан Республикасының Гимні орындалғаннан соң, жүргізушілер сөз кезегін мектеп директоры Г.М. Шаймердиновке берді. Өз сөзінде мектеп басшысы жаңа оқу жылында жаңа табыстарға жетуге тілектестігін білдіріп, өткен оқу жылының жетістіктерін атап өтті. Білім күніне арналған салтанатты жиынға келген ата-аналарды, мектеп оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтады. Мұнан соң зейнеткер ұстаз Т.В. Евстратова оқушыларды және жаңадан қатарға қосылған жас мамандардарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндер мерекені ары қарай өлең жолдарымен жалғастырды.Ббүлшіршіндер ұлтжанды ұрпақ, елінің патриоты ретінде Отанға, елге ризашылық ретінде өлеңдерін арнады. Алғашқы қоңырауды мектеп табалдырығын алғашқы болып аттаған Параскун Мария мен 11 сыныптың озат оқушысы Нұрлашев Жанибек соқты.
Алғашқы қоңырау салтанатты жиынынан кейін барлық сыныптарда «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында білім сабақтары ұйымдастырылып, әрбір шәкіртке «Мәңгілік Ел» құндылықтары мен елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауы жөнінде, сонымен бірге, туған елге, жерге деген сүйіспеншілік туралы айтылып, еліміздің жетістіктері жөнінде оқушыларға мағлұматтар берілді. Мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған балалардың жүрегінде бұл күн мәңгіге сақталатыны сөзсіз.