2018 жылдың 6 қыркүйегінде біздің білім ордамызда мектеп директоры Нугуманова Самал Ботаханқызының басшылығымен «Адами капитал –дамудың басты тірегі» тақырыбында жас мамандармен кездесу іс-шарасы өтті. Аталмыш іс-шарада мекеме басшысы білім ордасына келген жас педагогтарды мектептің осы күнге дейінгі жеткен жетістіктерін, инновациялық жобаларды бейнебаян арқылы таныстырып, негізгі даму бағыттарына тоқталды.
Білім ордасына осы оқу жылы аяқ басқан жас педагогтарды мектептің ғылыми-әдістемелік жүйесімен таныстыру мақсатын орындаған мектеп басшысы ұжымға қосылған әріптестеріне болашақ бағдар ұсынып, бастаған істеріне сәттілік тіледі.Жыл бойы ұйымдастырылатынсеминар-тренингтер мен коучингтерге белсенді қатысу кәсіби өсулеріне әдістемелік қолдау екенін айтты.