Астана қаласы Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі ККМ «Жігер» ұлдар, «Көркем» қыздар ұйымы жиналысы ұйымдастырылды
Мақсаты: Оқушыларды мектептің ішкі тәртібін, ережесін сақтауға, саналы, сапалы, жан-жақты, ұлтжандылыққа, рухты азамат болуға, үлкенді құрметтеуге, сыйлауға, кішіге көмектесуге, имандылыққа, қоғамдық ортада өзін ұстауға тәрбиелеу.
Міндеттері:
— Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
— ер балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
— танымдық жұмыстарды ынталандыру;
— жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
— жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ер баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
2018 жылдың 7 қыркүйегінде Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде «Жігер» ұлдар, «Көркем» қыздар ұйымы жасақталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Жігер» ұлдар ұйымының төрағасы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Н.Қасенов, «Көркем» қыздар ұйымының төрайымы әлеуметтік педагог К.М.Тасболатова болып тағайындалды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.А.Каженов жиналыста мектептің ішкі тәртібі, ережесі туралы ақпарат берді. Оқушылар жиналыс барысында өздерінің ойларын ашық жеткізе білді. Болашақта