Астана қаласы №59 мектеп – лицейінде 2018 жылдың 8 қыркүйегінде қалалық деңгейде «XXI – ғасырдағы Қазақстандық ата – ана: өз балаңа үлгі бол!» тақырыбы аясында, бірінші сынып оқушыларының ата – аналарына арналған Республикалық ата – аналар конференциясы өтті.
Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты - Айтпаева Сауле Муханбедиановна, ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі-Бигари Рустем Айдарбекулы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары- Ерсаинов Ержан Ерсаинович қатысты.
№59 мектеп – лицейі жаңа оқу жылында 500 ден аса бірінші сынып оқушыларын қабылдады. Отбасылық білім беру институтының Бас директоры- Евдокимова Софья Львовна бірінші сынып оқушыларының ата-аналарында кездесетін мәлелерге бағытталған бағдарлама ұсынды. Конференция барысында ата-аналар білім беру мен тәрбие процесіндегі пайда болатын мәселелерді шешу үшін қажетті пайдалы кеңестер ала алды.