Меню KDT

Новости

Главная Новости

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ»

Астана қаласы №83 мектеп-гимназиясында  2018 жылы 8 қыркүйек күні  «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты республикалық конференция өткізілді. Конференцияның негізгі міндеті бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына  психология-педагогикалық көмек көрсету.

Конференциямыздың басты қонағы Астана қаласы Білім басқармасының өкілі – Исинова Гульшат Шайзадиновна қатысты.

Конференция бағдарламасында төмендегі тақырыптар қозғалды :

  1. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет.
  2. Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу.
  3. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу. Мектепке діни атрибутика киюге тыйым салу, алдын алу шарасы ретінде. Баланы бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – әрбір ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.
  4. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.
  5. Балаға мектепте оқуға бейімделуге тиімді көмек шаралары: үш «Б» заңы: Бейімдеу, Бедел, Белсенділік.
  6. Нейро-психофизиологтардың болашақ бірінші сынып оқушылары – ұлдар мен қыздардың ата-аналарына арналған ұсынымдары.
  7. Баланың өзін-өзі бағалауын арттыру.
  8. Ойын, жағымды мотивация жасаудың үздік тәсілі ретінде.

Конференцияға бірінші сыныбымыздың барлық ата-аналары толықтай қатысып, белсенділік танытты. Өздерін мазалайтын маңызды мәселелердің шешіміне жол тауып, ризашылықтарын білдірді.

















Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено