Меню KDT

Новости

Главная Новости

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» республикалық ата-аналар конференциясы

Қыркүйек айының 8-жұлдызында бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына педагогика-психологиялық  көмек ретінде «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» тақырыбында республикалық ата-аналар конференциясы болып өтті. Конференция модераторы  №52 мектеп-гимназия директоры  Байтасова Улбосын Бекмурзаевна іс-шараның мақсаты мен маңыздылығын таныстыра отырып, бастауыш білім беру – бұл ересектер әлеміне қарай саналы өмірдің басталуы және баланың қандай болып өсетіні бастауыш білімнің жемістілігіне байланысты екендігін атап көрсетті.
                                   
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатын оқып, келесі сөз кезегін конференцияны жүргізуші психолог Әлжанова Әйгерім Мұратбекқызына берді.
 
Психолог конференцияның басты тақырыбы бойынша мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндердің мектепке бейімделуі жайлы ақпараттар берді.

 

Бейімделуден өзге балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу, отбасылық құндылықтарды нығайту сынды маңызды тақырыптар қарастырылды. «Балалар және интернет – қауіпсіздік жолдары», «Балалар және дін», «Тату отбасы», «Анасы мен қызы» «Әке, мені вальске шақыр» атты тәрбиелік маңызы зор бейнероликтер көрсетіліп, ата-аналарға жаднамалар таратылды.

Ата-аналардан Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің тапсырысы бойынша дайындалған сауалнама алынды. Психолог ата-аналарға және мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріне сәттілік тілеп, бүгінгі конференциядан алған ақпараттары алдағы уақытта өз көмегін беретініне сенім білдірді. Ата-аналар осындай конференцияның көп көмегі бар екенін айтып, мектеп әкімшілігіне, ұстаздарға алғысын білдірді.





 

 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено