Астана қаласы 15 мектеп-лицейінде 2018ж. 08.09. күні «ХХI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» тақырыбында «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» республикалық ата-аналар конференциясы өтті. Мақсаты: Қазіргі заман ата- анасы мен бала арасындағы қарым — қатынас ерекшеліктерін ашу. Жаңа заман балаларын тәрбиелеуде ата- ананың мәдени деңгейін көтеруге ықпал ету. Міндеті: Жаңа заман балаларына психологиялық мінездеме беріп,олардың әуестенетін қызығатын әлемі мен таныстыру. Жаhандану заманында ата- ана мен баланың қарым- қатынасындағы мәселелерді анықтап, оның шешу жолдарын табу. Бала мен ата- ана арасындағы қарым- қатынасты қайта қарастырып, ата- ананың мәдени деңгейін көтеру. Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Отбасылық тəрбие институтының «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек көрсету» тақырыбына арналған Республикалық ата-аналар конференциясын өткізу туралы бастамасын қолдап отыр. Өткен іс-шараға бірінші сыныпқа барған оқушылардың 180 ата-анасы қатысты.
Ата-аналар жиналысында «Мектептегі оқу процесіне бірінші сыныптықтар да, олардың ата-аналарына да дайын болуы керек. Ата- аналардың басты міндеті – баланың оқуға деген ынта-ықыласын дамыту, оның тəртібін, жаңа білім мен дағдыны игеру барысындағы табандылығы мен дəйектілігін қалыптастыру жəне қолдау көрсету болып табылады», деп атап көрсетті мектеп Директоры Бауыржан Қапарұлы Жаркенов өз сөзінде. Директордың тәрбие ісінің орынбасарлары Омашева Ғалия Молдатайқызы, Молдабекова Жанар Серікқызы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Оршубеков Нұрбек Абубековичтың конференциясына қатысушы ата-аналарға жолдаған құттықтау хатымен таныстырып, ата-аналарды бүгінгі мерекемен құттықтады.
Мектеп психолог мамандары Ниязбекова Майра Ғалымжанқызы мен Алтынбаева Гулнар Букенбайқызы экраннан видеофильмдер мен презентациялар көрсетіп, ата-аналарға маман ретінде өз кеңестерін берді. Қатысқан ата-аналар мен ұстаздар өз пікірлерін білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті. Отбасылық Тәрбиелеу Институтына ата-аналар осындай фильмді жинақтағаны үшін алғыс білдірді. Өткізіліп отырған іс- шара ата-аналарға керемет сезім сыйлады.