№ 80 мектеп – гимназиясында «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол!» тақырыбында 1 және 10-11 сынып ата аналарына конференция өткізілді.
Конференция мақсаты: 1 және 10-11 сынып оқушыларының ата – аналарына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
Жиналыс барысында балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы - Орынбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатын мектебіміздің директоры Жарменова Г.С. жолдады.
Бірінші сынып оқушыларының оқуға бейімделуін, зияндық ақпараттардың қауіпсіздігі және отбасылық сауаттылығы туралы, 10-11 сыныптарды ҰБТ-ға дайындық, интернетке тәуелділігін, суйцид мәселелерінің алдын алу туралы, мектеп психологтары мен мектептің инновациялық бағыттағы технологиялардың оқытушысы тоқталып өтті. Ата – аналар көкейінде жүрген сұрақтарының жауабын алды. Жиналыс қозғалған мәселелерге сай болып өтті.