Меню KDT

Новости

Главная Новости

"ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА -АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ"

Бүгін №81 "Astana English school" мамандандырылған гимназиясында "1 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек" атты конференция өтті. «Өз балаңа үлгі бол!» тақырыбында болған жиналысты гимназия директоры Садыкова Гүлнар Дінғуатқызы ашып, ата -аналарды Отбасы күнімен құттықтап, конференцияның маңыздылығын және ата-аналарға бала тәрбиесінде психологиялық көмек пен қолдаудың қажет екендігіне тоқталып өтті. Конференцияда психологиялық қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Садвакасова Айман Әлтиқызы ата -аналарға 1- сыныпқа балалардың бейімдеулері, бала бойында қандай өзгерістер болатынын, ата -ана тарапынан психологиялық қолдау туралы толық мәлімет беріп, кеңестер айтты. Ата -аналар 5 топқа бөлініп, гимназия ұстаздары конференция тақырыптары бойынша топта талқылау жұмыстарын жүргізді. Ата -аналар бір қорытындыға келіп, Ашабаев Алмас Амангалиевич, Каркинбаева Жанар Абдіманапқызы, Елкеева Шолпан Сатыбалдықызы сынды 1- сынып ата -аналары өз ойларын ортаға салды.
"Отбасының жемісі - тәрбиелі ұлы мен қызы" деген, мақтан етер ұрпағымыз көп болсын!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено