Мектебіміздің салтанат залында «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» тақырыбында жалпы республикалық ата-аналар конференциясы өтті. Мектеп директоры Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызы жиналған қауымды күн тәртібімен таныстырды. Мектеп психологы Сайлауова Райгүл Жеңісқызы бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық кеңес берді. Мектебіміздің жанынан құрылған ресурс орталығының психологы Атамбаева Дина Жұмақанқызы инклюзивті білім берудің нәтижелерімен бөлісті. Ата-аналар Байтемирова Темеш , Кешенова Меруерт жиналыста алғыстарын айтып , пікірлерін қосып , ұсыныстарын айтыпөтті. Мектеп әкімшілігі ата-аналардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Мектепшілік жиналысқа 160 ата-ана қатысты.