Астана қаласы №59 мектеп – лицейінде 2018 жылдың 9 қыркүйегінде қалалық деңгейде «XXI – ғасырдағы Қазақстандық ата – ана:өз балаңа үлгі бол» тақырыбы аясында, 10 -11 сынып оқушыларының ата – аналарына арналған Республикалық ата – аналар конференциясы өтті.
Конференцияға ҚР Білім және Ғылым министрлігінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары- Ерсаинов Ержан Ерсаинович қатысты. Отбасылық білім беру институтының Бас директоры- Евдокимова Софья Львовна бірінші сынып оқушыларының ата-аналарында кездесетін мәлелерге бағытталған бағдарлама ұсынды. Конференция барысында ата-аналар білім беру мен тәрбие процесіндегі пайда болатын мәселелерді шешу үшін қажетті пайдалы кеңестер ала алды және ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығында балаға қолдау көрсету. Ақпараттық қауіпсіздік және деструктивті діни ағымдарға қарсы тұру жайында мәселелер қозғалды. Жаңа психологиялық-педагогикалық әдістер мен технологиялар ата-аналарға психологиялық ауыртпалықты жоюға, балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде көмектессе, ал технологиялық жағынан қарасақ, ата – аналарға балаларының даму кезеңінде үлгі болуы жайында кеңестер берілді. Ата – аналарға сауалнама жүргізіліп жаднама таратылды. Конференция соңында ата – аналар өздерінің ризашылықтарын ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне және отбасылық тәрбие беру институтына алғыстарын білдіреді.