Алғаш рет бірінші сынып оқушыларының ата-аналары психологтардан бала тәрбиесіне байланысты құнды кеңестер алады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитеті Отбасы тәрбиесі институтымен бірігіп, «ХХI ғасырдың ата-аналары: балаңызға үлгі болыңыз» тақырыбында «БІРЫҢҒАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫН» өткізеді. Шара биылғы жылдың қыркүйек-қазан айларында ұйымдастырылады.
Конференцияның дәстүрлі жиналыстан ерекшелігі – жас ұрпақты инновациялық біліммен және отбасылық тәрбиелеу әдістерімен оқытуға бағытталған түрлі тақырыптарды қамтитын жаңа формат. Осыған орай, республикалық ата-аналар конференциясын еліміздің барлық мектептерінде өткізу жоспарланған. Кездесу барысында мынадай тақырыптар қозғалады:
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы конференция 8 қыркүйек күні бірінші сынып оқушылары ата-аналарына арналады. Ал, 10-11 сынып оқушылары ата-аналарына – 9 қыркүйекте.
Өтетін орны мен уақыты: еліміздің барлық мектептерінде сағат 10:00-де.