Меню KDT

Новости

Главная Новости

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: өз балаңа үлгі бол» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ.

Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде өскелең қазақстандықтардың позитивті жасампаз дүниетанымға, жауапкершілік сезіміне, мықты адами қасиетке ие, саналы таңдау жасап, дербес шешім қабылдай алатын, Отанның игілігін ойлайтын жан-жақты тұлға ретінде тәрбиеленген азаматтар болуы қажет деп бірнеше рет атап айтқан болатын. Бұл міндеттің ойдағыдай орындалуы үшін мектеп пен отбасы арасындағы өзара сыйластық пен сенімнің негізінде жемісті тығыз ынтымақтастық болуы керек. Мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастықтың берік іргетасын қалау мақсатында 8-9 қыркүйек күндері Астана қаласы №65 мектеп-гимназиясында ХХІ ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы Республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді. Конференцияға мектеп әкімшілігі, білім беру басқармасы маманы Карибаева Гульмира Елеусізқызы , жұмыспен қамту орталығы мамандары, әлеуметтік қорғау басқармасының өкілі Орынбекова Батима Жолдасбекқызы , қалалық №10 емханасының дәрігері Шайхисламова Жанкүміс Шайхисламқызы және бірінші және жоғары сынып оқушыларының ата-аналары мен сынып жетекшілері қатысты. Конференцияны модератор мектеп директорының міндетін атқарушы Токишева Гульнаш Мұхаметқалиқызы ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатымен ашты. Конференцияны Астана қаласындағы Отбасыны Тәрбиелеу Институтында білім алған 100-ден астам педагог-психолог аталған институт дайындаған материалдарды пайдаланып, бала тәрбиелеу туралы слайдтардағы, бейнесюжеттердегі, клиптердегі балаға деген жеке көзқарастың маңыздылығы, бала мен ата-аналардың отбасыдағы қарым-қатынастары, оңтайлы тәжірибелер туралы ақпараттарды ұсынды. Әрбір ата-анаға баланы дұрыс тәрбиелеу туралы нұсқаулары бар жадынамалар таратылды. Конференция барысында Психологтар бірінші,жоғары сынып оқушыларының мектеп қабырғасында және үйде сәтті бейімделуі үшін, ата-анаға және ұстаздарға сенім, сый-құрмет пен тығыз өзара байланыс ахуалын жасауға кеңестер берді. Сондай-ақ, психологтар балаға қалай жағымды көңіл-күй туындату мен өзінің уақытын, күш-жігерін тиімді пайдалана білуге кеңестер берді. Конференцияға мектебіміздің бірінші , 10-11 сынып оқушыларының 266 ата-ана қатысты. Шара соңында, мектеп оқушыларының ата-аналары өздерінің тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді.

 













Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено