Меню KDT

Новости

Главная Новости

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА, ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ! ( 10-11 сынып ата-аналарына псиxологиялық көмек)

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА, ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ! ( 10-11 сынып ата-аналарына псиxологиялық көмек)
Бүгін 9 қыркүйек күні Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектебінде аталмыш тақырыпта 10-11 сынып ата-аналарына Республикалық конференция аясында псиxологиялық көмек көрсетілді. Конференция мазмұны кең ауқымда қарастырылып, ҰБТ, ғаламтор желісі, аутодеструктивті мінез-құлық, зайырлы қоғам тақырыптары жан-жақты ашылды. Модераторлық қызметті директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары З. Алимова мен Б. Курсанова, псиxологиялық көмек беру ісін мектебімізде көп жылдан бері орыс тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалімдік қызметте өз жұмысын адал да әділ атқарып келе жатқан педагог әрі адам жанын терең түсіне алатын псиxолог ретінде Л.Ж. Алимова мен директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г. Төлеуова атқарды. Жаңа заманның жаңа тұлғаларын тәрбиелеуде ата-ана үшін ең маңызды дүниелерге талдау жасалып, ұсынылды. Конференция мазмұны өзіндік құндылығымен ерекшеленді. Осы орайда, "Отбасы тәрбиесі институты" мен қызметкерлеріне мектеп ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено