Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Отбасы - бақыт мекені!"

 

Астана қаласы №59 мектеп – лицейінде  2018 жылдың 10 қыркүйегінде 11  сынып  оқушылары арасында "Отбасы - бақыт мекені!" тақырыбында тәрбие сағат өтті.

 Тәрбие сағатының мақсаты: Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, тот баспайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту.Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру,отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру.

Міндеті: Отбасы  құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.

Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

11"Ә" сыныбының ұйымдастырылуымен өткен тәрбие сағатта оқушылар ата-ана туралы қос монологпен бірге ән шырқап өнерлерін көрсетті. Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.

Міне "Отбасы бақыт мекені" атты тәрбие сағатымыз да соңына    жетті.Осы шағын уақытта біз сіздерге ерекше көңіл күй сыйладық деген үміттеміз. Отбасымызды, әсіресе ата анамызды бағалайық. Ата ана тек жалғыз, аяулы ана мен қамқор әкенің орнын ешкім ешқашан баса алмайды. Келесі кездескенше сау болыңыздар.

("Мы желаем счастья вам!" әнін 11 "Ә" орындайды)

 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено