Қыркүйектің 8-9 аралығында С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты конференция өтті. Конференцияның мақсаты: 1, 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек беру.
Конференция барысында өзекті мәселелер қарастырылды: 1 сынып ата-аналары үшін
1. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет.
2. Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу.
3. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу. Мектепке діни атрибутика киюге тыйым салу, алдын алу шарасы ретінде. Баланы бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – әрбір ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.
4. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.
5. Балаға мектепте оқуға бейімделуге тиімді көмек шаралары: үш «Б» заңы: Бейімдеу, Бедел, Белсенділік.
6. Нейро-психофизиологтардың болашақ бірінші сынып оқушылары – ұлдар мен қыздардың ата-аналарына арналған ұсынымдары.
7. Баланың өзін-өзі бағалауын арттыру.
8. Ойын, жағымды мотивация жасаудың үздік тәсілі ретінде.
10-11сынып атаналары үшін
1. ҰБТ-ға дайындық және оны тапсыру барысында жасөспірімге ата-ананың психологиялық көмегі.
2. Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар.
3. Кәмелетке толмаған балалардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу.
4. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.
5. Жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу. Әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.
6. Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу.
7. Ата-ананың өзін-өзі талдауы: ЖАҚСЫ АТА-АНАНЫҢ ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРІ МЕНІҢ БОЙЫМДА БАР, ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРДІ ДАМЫТУ ҚАЖЕТ?
Ата-аналар толғандыратын сұрақтарына жауап алып қайтты.
Астана қаласының Отбасылық Тәрбие Институтының өкілі Шэ Ирина Сергеевна, Білім басқармасының бас маманы Мұслманбекова Анипа Махметқызы және «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялық жұмыс орталығының» әдіскері Сергеева Анна Сергеевна арнайы қонақ болып кетті.