Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Мен өз елімнің патриотымын. Цифрлық Қазақстан»

Қазақ мектеп-гимназиясында 11 сыныпта «Білім күніне» арналғагн тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының тақырыбы «Мен өз елімнің патриотымын. Цифрлық Қазақстан». Оқу жылының қорытындысы бойынша «Робототехника» үйрмесіне белсене қатысып, қалалық байқауларда жеңімпаз атанған Баян Әлиханды тағы бір жеңісімен құттықтадық. Президенттің соңғы жолдауының ерекшелігі сол, мұнда Қазақстанда биыл үшінші жаңғырудың басталатыны ресми айтылды. Яғни, елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы тиіс. Ал, ол үшін ең алдымен тағы сол IT саласына басымдық беріледі. «...Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. «Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша білім сабағының тұжырымдамалық идеясы қоғам мүддесінде  азаматтық, әлеуметтік әрекеттерге дайындықты қамтамасыз ететін өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің қажеттілігі идеясы болып табылады. 
       Биылғы жылы  Семей қаласынды өткен Республикалық Абай оқуларына біздің сыныптан Канағат Қарлыгаш қатысып, эссе номинациясынан 3 орынға ие болды.
      Құрметті түлектер, алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңмен, жоғарғы көрсеткіштеріңмен қуанта беріңдер. Мен сендерге  мектеп атынан жоғары білімді жақсы азамат, білікті маман болып, болашақта еліміздің өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіремін. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! Сіздерге Ақ жол тілеймін!
       Тәрбие сағатты өткізген 11 - А сыныбының жетекшісі - Негметжанова Гульжан Зейнуллиновна.



  



  



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено