Қазақстан халқы тілдерінің ХХ фестивалі аясында «Тілдарын» байқауы өтті
Қазақстан халқы тілдерінің ХХ фестивалі аясында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және дамыту, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу мақсатында 7-ші қыркүйек 2018 жылы «Тілдарын» атты байқау өтті. «Тілдарын» байқауы жас мұғалімдер мен студенттердің арасында үш тілде өткізілді. Байқау нәтижесінде үш тілді жақсы меңгерген қатысушылар анықталып, алғыс хаттар пен дипломдармен марапатталды. Тілдарын байқауына Тулеуова Назгуль Талгатовна қатысып, жүлделі - 3 - орын иеленді.