Дауқара орта мектебінде 9 қыркүйек күні «Саламатты сандар жетістігіне жет» ұранымен «Денсаулық фестивалі-2018» өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен шараға ұстаздар, шағын орталығының тәрбиеленушілері, білім алушылар түгел қатысып, белсенділік танытты. Денсаулық фестивалінің ашылу салтанатында Мемлекеттік Гимн орындалып, ұлттық рух шарықтады. Мектеп директоры Нұрпейісов Алданыш Нұрахметұлы денсаулық фестиваліне қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Фестиваль флеш-мобтан басталды. Шағын орталығының тәрбиешілері Абишева Г.Қ. мен Касеинова А.С. балалармен қимылды ойындар ойнатып, эстафеталық жарыстар ұйымдастырды. Бастауыш сынып оқушылары «Аққу» тобы «Достық» топтарына бөлініп көңілді жарыстар ұйымдастырды. «Достық» тобы І орынға ие болды. Алғашқы әскери дайындықты оқытушы-ұйымдастырушы Садвакасов А.Ж. мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қиманов Ербол Асыхатұлы 5-11 сыныптар арасында эстафеталық жарыстар өткізді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.