Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі мен Балалардың Құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша Отбасылық Тәрбиелеу Институтының қолдауымен 2018 жылдың 8 қыркүйек күні мектебімізде «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты 1-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған І Республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді. Мақсаты – 1-сынып ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек. Конференцияның міндеті – мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастықтың берік іргетасын қалау. Алғаш болып мектеп-лицей директоры З.Е.Киянова сөз алып, бірінші сынып ата-аналарын құттықтады. Конференция барысында мектеп психологтары Н.З.Жунусова мен Ж.К.Ерпейсова 1-сыныпта кездесетін қиындықтарда ата-ананың әрекеті және балаға қолдау көрсету әдістерімен бөлісті. Мектеп-лицейдің ата-аналарының атынан қамқоршылық кеңес төрағасы Р.Гаитов сөз алып, ата-аналарды балалардың болашағы үшін мектеппен бірге жұмыс істеуге шақырды. Сонымен қатар ҚР Білім және Ғылым Министрлігі мен Балалардың Құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша жасалған бейнематериалдар көрсетілді.