1 қыркүйек Білім күніне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау»
атты өткізілген салтанатты жиын туралы мәлімет
2018-2019 оқу жылының 1-қыркүйек білім күні Астана қаласының 20 жыл толу мерекесіне арналды.
Салтанатты жиында кешен директоры Айжан Маметханқызы мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерімізбен ұстаздарды құттықтап сөз сөйледі. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сыныптардың бүлдіршіндері тақпақ айтып, алғашқы қоңырау соқты. Салтанатты жиында ән-сазды бағдарламалар қойылды. Салтанатты жиыннан кейін барлық сыныптарда 1 қыркүйек білім күніне арналған «Астана – 20 жыл!»,«Астана менің жүрегім» атты тақырыптарда тәрбие сағаттарын жүргізді.
Мақсаты: оқушыларға білім күнінің маңызын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, Конституция, еліміздің жеткен жетістігі, Астана қаласының 20 жылдығы, «Рухани жаңғыру», «Мәңгілік Ел» идеясын, өз елінің патриоттары болуға, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.