Бүгін мектеп - гимназия мәжіліс залында «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты ата-аналарға психология-педагогикалық көмек беру мақсатында 11 сынып ата – аналарымен конференция өткізілді.
Конференция барысында ата-аналарға жан – жақты психология-педагогикалық кеңестер берілді. Сонымен қатар, ата-аналардың сұрақтарымен, ұсыныс- пікірлері тыңдалып, нақты жауап берілді.
Конференция жұмысына «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдары академиясы» қоғамдық қорының төрайымы - Т.С.Шингужинова, Астана қаласы Сарыарқа ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау бөлімінің басшысы - С.Д.Станбаева , Сарыарқа ауданы Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің инспекторы, полиция майоры -Э.А.Шауленова, жеке кәсіпкер, мектеп жанашыры - Али Абай Маратұлы,– мектептің қамқоршылар кеңесінің төрайымы - Тикибаева Менбике Амиртаевна қатысып, өз салалары бойынша ата- аналармен пікір алмасып, қажетті ақпараттарымен бөлісті.