Меню KDT

Новости

Главная Новости

XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ

Астана қаласы №84 мектеп-лицейінде қыркүйектің 8-9 күндері Қазақстанның отбасы күніне арналған «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» тақырыбында Республикалық ата-аналар конференциясы өтті. Конференцияға мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің мүшесі  Уазырхан М.К, ата-аналар комитетінің төрайымы Ансатова К. қатысты. Конференцияның модераторы Жусупова З.Г. Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы ОРШЫБЕКОВ НҰРБЕК ӘБУБЕКҰЛЫНЫҢ үндеу хатын оқыды.

1,10-11 сынып оқушыларының ата-аналары тап болатын мәселелерге негізделген бағдарламаны мектеп психологтары Кабылгалиева Айгерим Ерланқызы мен Абдрозякова Юлия Николаевна    көпшілікке ұсынды.

Коференция барысында қатысушыларға бала тәрбиесінде мән беруді қажет ететін маңызды кеңестер мен әлеуметтік бейне роликтер көрсетілді. Сонымен қатар ата-аналарға сауалнама  беріліп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша дайындалған Отбасылық тәрбие институты әзірлеген жадынама таратылды.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено