Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Тіл - достықтың дәнекері» тақырыбында өткен достық фестивалі

 Мектебімізде  7-ші сыныптар  арасында  тіл  мерекесі  қарсаңында «Достық» фестивалі өз дәрежесінде өтті. Тіл мерекесі  еліміздің  ең жарқын  мерекелерінің  бірі, себебі тіл-ұлттың жаны, халықтың асыл бейнесі, тыныс тіршілігінің  көзі. Осындай мәртебелі мерекеге оқушылар  өз  үлесін  қосты.

Оқушылар барлық ұлттың ән-жырын, дәстүрін,ұлттық киімдерін  ерекше  көрсетіп, мектеп  әкімшілігін  қуантты. Оқушылар әзірлеген  көрме де  өте  жақсы болды. Мектеп  директоры Зауре Жақанқызы фестивальге  қатысқан  оқушыларға, қазақ, орыс, түрік, неміс, ағылшын тілдерінде өз   тілегін   айтып таңқалдырды.  Оқушылар мектеп мұражайының  қоржынын қолөнер бұйымдарымен толықтырды, соның ішінде ерекше 7 «А» сыныбының оқушысы Жұмабай Жұлдызды  атап кетуге болады. Осы игі іс-шараны  ұйымдастырған  7 «В» сынып жетекшісі  Абуева Айзада Ғазизқызы  да  өз шеберлігін көрсетті.

Қатысқан оқушылар  көп ұлттың  салт-дәстүрі, тарихымен танысып, мағлұматтар  алды. Тіл мәртебесі  мәңгілік биік болсын!










Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено