Меню KDT

Новости

Главная Новости

Сөз шебері» жүргізушілердің фестиваль-байқауының ЕРЕЖЕСІ

«Сөз шебері» жүргізушілердің фестиваль-байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

Өткізілетін күні: 2018 жыл 21 қыркүйек

Өтетін орны: №38 мектеп-лицейі, Мәжіліс залы

 

  1. Жалпы Ереже:

Фестиваль-байқау дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету, жас өскелең ұрпақты тарихқа, мәдениетке және еліміздің әдеби дәстүріне кеңінен баулуға бағытталған. Фестиваль-байқау әлеуметтік мәдени бағытқа негізделген.

 

  1. Фестиваль-байқаудың мақсаты мен міндеті:
  • Фестиваль-байқаудың негізгі мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік және шығармашылық деңгейін ашу, сөз өнері жанрын танымал ету, мерекелік іс-шараларды жүргізетін дарынды балаларды анықтау;
  • Фестиваль-байқаудың міндеті: қатысушылардың шығармашылық деңгейін ашуға жағдай жасау, сахна жүргізушісі кәсібін насихаттау.

 

  1. Фестиваль-байқау қатысушысы:
  • 8,9,10 сынып оқушылары

 

 

  1. Фестиваль-байқауды ұйымдастырушы:

№38 мектеп-лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Мақпал Бөлтірікқызы

Өткізілу шарты:

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

  • «Академиялық манерадағы жүргізушілер»;
  • «Ойын-сауық бағдарламаларының жүргізушілері»;
  • «Байқау-ойын бағдарламаларын жүргізушілер».

Байқау төмендегі кезеңдер бойынша өтеді:

  1. Өзін-өзі таныстыру. (4-5 минут). «Мен жүргізушімін». Таңдалған номинация бойынша шығармашылық жолмен өзі туралы айтып, сондай-ақ кәсіби өмірбаянын қызықты ұсынуы қажет.

Таныстыруды бағалау критериі: Мәнерлеп сөйлеу, тақырыпты дамыту қабілеті, сахнада өзін ұстай білуі, шығармашылықтағы қызықты жолы, бөлінген уақытты пайдалану мүмкіндігі.

  1. Үй тапсырмасы. «Идея. Жоба. Іске асуы». Өз еркіндегі сценариймен алдын-ала дайындалған, концерттен үзінді дайындау, мерекелік іс-шара, танымдық бағдарламалар (номинациялар бойынша, 5 минут).

Шарттардың міндеті бойынша залмен жұмыс жасау.

Бағалау критерилері: Идеяның түпнұсқалы болуы, залмен жұмыс жасау, сахна мәдениеті, көркемдік мәнерлеу құралдарын пайдалануы.

Өзін-өзі таныстыру және үй тапсырмасын көрсету барысында мультимедиялық аппараттарды қолдануға болады.

  1. Озық ойлы тапсырма:
  • Импровизациялық оқу, таныс емес мәтіндер ұсынылады.
  • Тосыннан келген сұрақтарға ойланбастан жауап беру. Өз ойын еркін жеткізу, нақты әрі толыққанды жауап беру.

Тосыннан қойылған сұрақтардың бағалануы: тақырыптан ауытқымау, ойын еркін жеткізе білу, тапсырманың дұрыс орындалуы.

 

  1. Марапаттау рәсімі және қорытынды.

Әр номинация және жас ерекшеліктеріне байланысты жеңімпаздар анықталады. І, ІІ, ІІІ орындар дипломмен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапатталады.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено