Сарыадыр негізгі мектебінде "Қарттарым аман - сау жүрш!" атты мерекелік іс - шара өткізілді. Мерекелік іс - шараға ауылымыздың қарттары, мектеп қабырғасында қызмет етіп, зейнетке шыққан апайлар мен ағайлар, денсаулығының сыр беруіне байланысты зейнетақы алатын ауыл тұрғындары қонақ ретінде шақырылды. Мерекелік іс - шарада мектеп ұжымы және мектеп оқушыларымен арнайы ұйымдастырылған концерт көрсетілді. Жас өрендер би билеп, ән салып, өлең оқып өз өнерлерін көрермендердің көңілінен шығып отырды. Қонақтар шын ықыласпен қол ұрып, мәз мейрам болысып қалды. Осы мерекеде өздерінің құттықтау сөздерін айтты. Мектебіміздің директоры Кошанова Акзауреш Болатовна да сөз сөйлеп, қонақтарға жақсы тілектер жолдады. Мерекенің сән дастархан мәзіріне ұласты. Келген қонақтарға мектеп ұжымы тарапынан жасалған сыйлықтар ұсынылды. Мереке ойдағыдай, жақсы деңгейде өтті.