Сарыадыр негізгі мектебінде "Денсаулық күні" байланысты іс - шара өткізді. Ашылу салтанатын мектеп директоры Кошанова Акзауреш Болатовнаға құттықтау сөзімен басталды. Келесі сөз кезегін аға тәлімгер Дюселекова Толкын Серикжановна денсаулық күніне байланысты баяндамасымен жалғастырады. Осы күнге байланысты дене шынықтыру мұғалімі оқушылар арасында көптеген ойындар ұйымдастырылыды. Дене шынықтыру мұғалімі Жангуттинов Адильбай Алпысбаевич барлық оқушылармен сауалнама жүргізді. Сонымен қатар вело жарыс "Кім жылдам?" бастауыш буын оқушылары. "тоғыз құмалақ" орта буын, жеңіл атлетика мектеп оқушылары арасында өткізілді. 5-9 сынып оқушылар арасында шағын футбол және волейбол жарыстары өткізіліп, жеңімпаз топ марапатталды. Ата салтымен келе жатқан қазақтың ұлттық ойындарын насихаттай отырып, оқушыларға оларды ойнатты. Жоғарғы сынып оқушылар арасында шахмат ойындары өтті. Осы күнге байланысты өткізілген іс - шара соңында оқушылардың спорт ойындарынан көрсеткен жетістіктері аталып өтілді. Іс - шараға мектеп оқушылары түгел қатысты. Жарыс түрлері бойынша 1,2,3 орын иелері анықталып, жүлдегерлер мақтау қағазымен марапатталды. "Жеңіл атлетика" жарысынан және "Тоғыз құмалақ" 1 орынға ие болған 7 сынып Кабдуллин Ерсұлтан және 8 сынып оқушысы Кошанов Ренат марапатталды.