Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайықты орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күшін тәрбиелеу – білім ошағы мектептен бастау алары сөзсіз.
Қыркүйек айының 10 – 14 аралығында «Мектеп Ұланбасын» сайлау науқаны жүріп өтті. Үміткерлікке түскен 6 кандидат оқушылар өздерінің жаңа тың идеяларымен, бағдарламаларын оқушыларға таныстырып, үгіт насихат жұмысын жүргізді. Мектеп Ұланбасына үміткерлер:
Сайлауға 641 сайлаушы қатысып, ерікті таңдау жасады. Мектептік сайлау нәтижесінде «Мектеп Ұланбасы» 9 «А» сынып оқушысы Закиров Бекзат Қайратұлы сайланды. «Мектеп Ұланбасы» озық идеялармен қаруланып, мектеп өмірінің өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіреміз.