Қыркүйек айының 14-ші жұлдызында № 21орта мектебінде тілдер мерекесіне орай «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының ұлы көсемі»атты еске алу кеші өтті.
Іс-шарамыздың мақсаты:қазақ халқының әлуметтік ,саяси,мәдени,тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға –Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәриелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік,ұлтжандылық ,отансүйгіштік қасиеттерді дарыту;ақын,қоғам қайраткері,педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп ,жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Іс-шараға мектеп кітапханашысы Шарманова Нұржамал Қорқытбайқызы, және 9-10 сынып оқушылары белсене қатысыты.Оқушылар
Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянына шолу жасады,нақыл сөздерін,өлеңдерін жатқа оқып, «Қасқыр мен лақ»мысалынан көрініс көрсетті және музыкалық колледжінің студенті Зейтинов Ермахан домбырада күй тартты.Тәрбиелік іс-шара өз мақсатына жетті.
Іс-шараны дайындап, өткізген қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абдрахманова Гүлден Тұяққызы.