№81 "ASTANA ENGLISH SCHOOL" мамандандырылған гимназиясында Отбасы күні мерекесіне орай дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, ұлттық – патриоттық сезім, құрмет, отбасылық дәстүрлер мен адамгершілік ұстанымдар, жоғары адамгершілік отбасылық идеалдарды қалыптастыру арқылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қоғамдық санада жүзеге асыру мақсатында "Отбасы -бақыт мекені" тақырыбында фотокөрме өтті. Бұл фотокөрмені өткізу арқылы өскелең ұрпақтың отбасылық салт-дәстүрлерді сақтауы және әрі қарай жалғастыруын, ата-анаға деген махаббат пен сыйластықты көрсеткіміз келді. Фотокөрмеге «Менің отбасым»,"Біздің жаз", "Батыр отбасы», "Менің әулетім" номинациялары бойынша барлық сыныптар толықтай қатысты. Отбасы – адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Біз осы іс -шарамыз арқылы баланы жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиеле. Гимназияда өтетін әр түрлі іс - шараларға белсене ат салысатын ата - аналарға алғыс білдіреміз!