Меню KDT

Новости

Главная Новости

2018 жылдың 6 қыркүйек күні «Отбасы күні» мерекесі

2018 жылдың 6 қыркүйек күні «Отбасы күні» мерекесіне орай 1-4 сынып ата-аналарының қатысуымен «Отбасы – Отанымның ошағы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа жалпы 23 ата-ана қатысты. Әділқазылар алқасы ата-аналардың мәнерлеп оқуына, сахна мәдениетіне, актерлік шеберлігіне баса назар аударды. Көпшілікті қоңыр дауысымен тамсандырып, ақындық қабілетімен ерекшелене түскен ата-аналар мынадай орындарға жайғасты. Бас жүлдені 4 «Г» сыныбының ата-анасы Таурбаева Гүлзат, І орынды 1 «Е» сыныбының ата-анасы Данабаева Кулзия, ІІ орынды 2 «Ә» сыныбының ата-анасы Ускина Жанар мен 4«Ә» сыныбының ата-анасы Казкенова Амина өзара бөлісті. ІІІ орын 1 «К» сыныбының ата-анасы Рахимжанова Әсем, 1 «Ж» сыныбының ата-анасы Усенова Әсем және 1 «Ә» сыныбының ата-анасы Бекишева Гүльзираға бұйырды.


              



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено