Меню KDT

Новости

Главная Новости

«ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ»



«ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ»
«World cleanupday»
Бүгін бүкіл әлем үшін аса маңызды күн – «Дүниежүзілік тазалық күні»! Бұл науқанға дүниежүзінің 380 миллионға жуық адамы қатысты. Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде аталмыш шара кең ауқымды экологиялық акция түрінде өткізілді. Ақцияға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Тимощенко Юрий Евгеньевич, Қазақстандағы экологиялық ассоциацияларды басқару төрайымы Соловьева Айгуль Сагадибековна, Қазақстандағы экологиялық ұйымдар Ассоциасы Президиумының мүшесі Рахимбекова Салтанат Темиркуловна, қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту Қорының төрағасы Бузурбаев Ерлан Маркленович, Астанадағы Эстонияның төтенше және өкілетті посолы Хейти Мяемеэс, «Оператор РОП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарушы директоры Юрча Сергей Иванович, Астанадағы ЕҚЕҰ (ОБСЕ) бағдарламасының экономика және экология бөлімінің меңгерушісі Рати Джапаридзе, «CleanCityNC» ЖШС директоры Ахметов Дуслан Аманжолович, Астана қаласының әкімдігінің өкілдері, мектебіміздің оқушылары, ата- аналары мен мұғалімдері, «Clean City NC» компаниясының өкілдері, «SOS-Kinder dorf» балалар қалашығы, «Арай» сауда орталығы, «Мерей» мейрамханасы қызметкерлері, «Көркем» және №33 балабақша тәрбиешілері, «Жарық», «Апогей», «Азамат», «Гүлдер» БЕК (КСК) қызметкерлері, Күйші Дина, Қ.Рысқұлбеков, Абылайхан, Ш.Құдайбердіұлы шағын аудандарының тұрғындары қатысты. Бұл шараға барлығы 3600 оқушы, 569 ата-ана, 162 түрлі орталық қызметкерлері ерекше ықыласпен қатысып, акция барысында мектеп, аула, қала тазалығы үшін еңбек етті. Қоқысты сұрыптап жинау әдісі барлық қатысушыларға түсіндірілді, бастауыш сынып оқушыларына квест-ойын түрінде жеткізілді. Нәтижесінде, қайта өңдеуге жататын 2 тонна 297,4 кг. қоқыс, өңдеуге жатпайтын 2 тонна 2,8 кг. қоқыс, барлығы - 4 тонна 383,4 кг қоқыс жиналып, «CleanCityNC» ЖШС-нің көмегімен тиеліп алынды.
Әр жүректе «Біз экология мен жасыл экономика үшін», «Туған жердің табиғатын аяла» деген ниеттер барын аңғардық.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено