Мемлекет қайраткері, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туылған күніне орай 2-сыныптар арасында байқау өтті. Іс-шарада айшықты ойлар, ақынның өмір жолы, аудармаларына презентация жасалған. Ағартушы туралы әсерлі бейнебаян да көрсетіліп, оқушылар тың мағлұмат алды. Байқауға қатысушы әр үміткер өте жақсы дайындықпен келген.
Ахмет Байтұрсынұлының «Маса», «Анама хат», «Қара бұлт» т.б. шығармалары әсерлі болды.
Мотивациялық танымдық байқауға қазылық жасаған Ахметкалиева Мара Жамбыловна және Сагимбаева Дария Мухтаровна әділ шешім шығарды.
І орын:
Жамбулова Айнель – 2 «А» сынып оқушысы
Серік Қайрат – 2 «Ә» сынып оқушысы
Мұратқызы Нұрай – 2 «Б» сынып оқушысы
Қайырден Фатима – 2 «Б» сынып оқушысы
Өмірзақ Жұлдызай – 2 «В» сынып оқушысы
Рахымжан Ілияс – 2 «Г» сынып оқушысы
Сансызбай Данияр – 2 «Д» сынып оқушысы
Қаратай Асылбек – 2 «Д» сынып оқушысы
ІІ орын:
Абилдаева Дария – 2 «Б» сынып оқушысы
Бақыт Ақниет – 2 «В» сынып оқушысы
Зулпыхар Нұрбахыт – 2 «Г» сынып оқушысы
Тұрдыбаев Дулат – 2 «Г» сынып оқушысы
Дүйсенбин Омар – 2 «Д» сынып оқушысы
ІІІ орын:
Ақжігіт Алуа – 2 «А» сынып оқушысы
Ерлік Арайлым – 2 «А» сынып оқушысы
Қазалы Еркежан – 2 «В» сынып оқушысы
Сапарғали Малика – 2 «Д» сынып оқушысы
Қабылханова Нұрай – 2 «Е» сынып оқушысы
Марат Мадихан – 2 «Е» сынып оқушысы
Оқушылар мәнерлеп, рөлге бөліп оқуға дағдыланған.
Автор көтерген идея арқылы жас ұрпақтарды жанашырлыққа, мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу мақсаты да жүзеге асты.
Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу үшін өткен танымдық іс-шара өз мақсатына жетті. Игілікті іс-шаралар жалғаса берері сөзсіз.