Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесіне орай онкүндігі қыркүйектің 12-20 аралығында өткізілуде.
Онкүндік Тілдер күні мерекесінің салтанатты сап түзеуден ашылды.
Салтанатты мерекелік сап түзеуде Тілдер мерекесінің тарихына қысқаша тоқталып, апталық барысындағы іс-шара жоспарымен таныстырды. Әр сынып тақырыпқа сай қабырға газеттерін шығарып, тіл мамандары өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен түрлі сыныптан тыс шаралар, әдеби кештер, интеллектуалды ойындар өткізіп жатыр.
Тілдер күні мерекесінің аясында 6В - 6Б сыныптар арасында «Ана тілі-асыл тілі халқымның» атты интеллектуалды ойын өткізілді Бұл шара Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың “ Үш тұғырлы тіл” саясатын насихаттау негізінде құрылды.Оқушылар өздерінің білім деңгейін өз деңгейінде көрсетті. Тапсырмалар үш тілде болды.Тапсырмалар сұрақ-жауап, топ басшылар сайысы, бейне сұрақ т.б түрінде берілді. Қатысқан оқушылар кішігірім сыйлықтармен мадақталды.