«Сыңғырла, сыңғырла алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиыныны
2018 жылдың 1-ші қыркүйегінде №51 мектеп-гимназиясының алаңында сағат 10:00 де «1 қыркүйек – Білім күні, оқудың алғашқы күні және Патриотизм күні» деп бала жадында жатталуын, Отанға, мектебіне, ұстаздарына деген махаббатты бала жүрегінде ұялату, азаматтық-патриоттық сезімді ояту мақсатында 1-11 сыныптар арасында мектеп алаңында «Сыңғырла, сыңғырла алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиыныны болып өтті.Жиынның өтілу барысында сыныптар сапқа тұрғызылып, қонақтармен таныстырылды. Еліміздің білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты – жастардың бойында азаматтық пен Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, халық дәстүрлерін дәріптеу, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйрету, Ата Заңымызды қастерлеу, осы мақсатта еңбек етіп жатқан білім мен тәрбие ордасының алғашқы қоңырау салтанатына, еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтарымыз, 1 сынып оқушылары мен еліміздің ертеңінен үміт күттірер мектеп бітіруші 11 сынып оқушылары. ҚР мемлекеттік туына сап түзеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру мәртебесіне мектебіміздің 11 сынып мақтаныштары « Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері: 11 «А» сынып оқушысы Алтынбек Ерасыл, 11 «ә» сынып оқушысы Заманбек Салимжан және мектебіміздің ұланбасы 11 «В» сынып оқушысы Тәжімұрат Нұрдаулет ие болды. ҚР мемлекеттік туы енгізіліп, әнұран орындалды. Мерекелік жиын барысында мектеп директоры К.С.Дүйсенова мектеп табалдырығын жаңа ғана аттаған бірінші сынып бүлдіршіндері мен 11 сынып түлектерін, салтанатты жиынға жиналған қонақтар мен ұстаздар қауымын алғашқы қоңырау салтанатымен құттықтады. Салтанатты жиында ән мен би де орын алды. Алғашқы қоңырау соғу салтанатына 11 сынып мақтаныштары Жас Ұлан ұйымының мүшелері 11 "Г" сынып оқушысы Оразбекова Ақниет,11 "б" сынып оқушысы Қалаубай Данияс пен 1 сыныпқа жаңа ғана қабылданып мектеп табалдырығын енді ғана аттағалы отырған Ерқара Рақымжан мен Жасұланқызы Айша ие болды.
Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,
Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.
Білімнің көзін аша білсең тереңнен,
Жетелейді армандарға бұл мектеп, - деп бүгінгі «Білім күніне» ең алғашқы сабаққа ең алғашқы ұстаздарымен бірге қошеметтеп 1-ші сынып оқушыларын сынып бөлмелеріне бет алды.

