Астана қаласы Білім басқармасының қызметкерлері мен ұстаздары ішкі істер мекемелерінің қызметкерлерімен бірлесіп жалпы оқумен қамту айлығы аясында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткізді. Оның мақсаты аз қамтылған отбасы, көп балалы отбасы, жағдайы нашар отбасы балаларымен жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа да көмек қажет ететін әлеуметтік қорғалмаған балаларға көмек көрсету болып табылды
Акция барысында әлеуметтік қорғауды қажет ететін отбасыларды аралау жүргізіліп, мектеп жасындағы оқумен қамтылмаған балалар мен отбасындағы әлеуметтік жағдайына байланысты мектепке ұзақ уақыт бармаған балаларды анықтау жұмыстары жүрді.
Ұстаздар ата-аналарды жалпы оқумен қамту бойынша нормативтік құжаттармен таныстырып, оқушыларға түрлі қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырды.
Тұрғын алаптарында мектеп шағынауданына қарасты үйлер мен аулаларды аралау, мектепке жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды анықтау жұмыстары жүрді.