15 қыркүйек күні мектебімізде сенбілік өте ұйымдасқан деңгейде өткізілді. Сенбілікке мектеп оқушылары бір кісідей жұмылды. Оқушылар мектеп ауласын тазартуға бар күшін салды. Жиналған қоқыстар қапқа салынып, сол күні арнайы қоқыс орнына төгілді. Сенбілік нәтижесінде мектеп маңы көркейіп қалды. Өзін қоршап тұрған ортаның тазалығын сақтап тұру - бұл әрбір қала тұрғынының міндеті. Мектеп ауласын көріктендіріп, санитарлық тазалығын және көгалдандыру жұмыстарын жандандыру әліде атқарылады. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелейтін іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын таба бермек...