Астана қаласы №49 орта мектебінде 10-15 қыркүйек арасында «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында апталық өтті.Апталық ата-ана мен балалар және мектеп арасындағы үштік қарым қатынасты дамыту мақсатында өткізілді. Апталықта ата-аналар белсенділік танытып,отбасы мен балалар арасында ұйымшылдық қасиеттер нығая түсті.
Қыркүйек айының 10-12 аралығында «Бақытты отбасы» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Іс шара 1 сыныптар арасында өтіп,отбасылық суреттер оқушылар назарына ұсынды.
13 қыркүйек күні 3-4 сыныптар арсында «Ептілік,алғырлық,ұйымшылдық-отбасы берекесі» атты эстафеталық жарыс өтті. Жарыстың қорытындысы:
І орын «Азия» тобы 4 «б» сыныбы:Махметова Ажар, әкесі Махметов Санат.
ІІ орын «Бірлік» тобы 4 «е» сыныбы:Сапарбекова Құралай,Маралбекұлы Ислам,анасы Темирбаева Айгерім
ІІІ орын «Бүркіт» тобы 4 «а» сыныбы:Какимаш Ермұхаммед,Абдырахманеова Аяжан,анасы Какимаш Гүлназ.
14 қыркүйек 5,6,7 сыныптар арасында «Шахматшы отбасы» атты шахматтан жарыс өтті.Іс шараға жауапты математика пәнінің мұғалімі Абилмаканова Б.С, дене шынықтару пәнінің мұғалімі Сауғабаев Қ.М болды.
Сайыстың қорытындысы:
І орын- 7 «г» сынып оқушысы Құлыбек Арман мен ағасы Құлыбек Асылбек.
ІІ орын- 6 «а» сынып оқушысы Еркешов Нұрасыл мен ағасы Еркеш Ерасыл.
ІІІ орын-6 «в» сынып оқушысы Марден Гүлназ мен анасы Марден Ақтолқын
14 қыркүйек күні 2-3-4 сыныптар арасында «Даңқ минуты» атты отбасылық өнер сайысы өтті.
І орын 3 «д» Мұсатайқызы Аружан мен Аяжан,анасы Маржан (Қуыршақ)
ІІ орын 2 «б» Наргиз Назым
ІІ орын Серажы Калия,анасымен (Ән)
ІІІ орын 4 «ә» Құлжан Әдемі,анасы Асель
ІІІ орын 4 «в» Емилова Фирдаус,анасымен (Қолөнер)
10-15 қыркүйек аралығында 8-9-10 сыныптар аралығында «Отбасылық өмірден үзінді» атты бейнероликтер сайысы өтті.Бейнероликтер мектеп экрандарынан көрсетіліп тұрды.
15 қыркүйек күні «Мен бақытты баламын» атты Гала концерт өтті.