Мектебімізде отбасы мерекесіне орай, бекітілген жоспарға сәйкес, «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбымен кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды. Апталық аясында 1-11 сыныптар арасында «Отбасы – өмір аясы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. 1 сыныптың арасында «Елімнің болашағы – салауатты отбасы» атты отбасылық спорттық сайыс, 2 сынып арасында «Менің бақытты отбасым» атты сурет сайыс және 3-4 сыныптар арасында «Менің талантты отбасым» тақырыбында отбасылық шығармашылық сайыс өткізілді. Сонымен қатар, 5 сынып арасында «Әкем ,анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс, 6-7 сыныптар арасында «Отбасым - тірегім» «Балаға мейірім сыйла» атты қайырымдылық акциясы жоғары деңгейде өткізілді. Апталық барысында 8-9 сыныптар арасында «Татулығы жарасқан – жанұялар ордасы» тақырыбында фотокөрме, өткізілген шаралар барсында отбасылық қарым қатынасты анықтау мақсатында сауалнамалар алынып, отбасылық тәрбие жөнінде бейнероликтер көрсетілді, 2018 жылдың 14 қыркүйегінде арнайы салтанатты жиын өткізіліп, апталық қорытындыланды.